Adobe Premiere Pro 2025
Бастаушыларға арналған курс: бағдарламаны ашқаннан бастап дайын видеоны экспорттауға дейін.
- 01Adobe-мен танысу
- 02Кесу және монтаж
- 03Титрлар
- 04Музыка қосу
- 05Түс түзету
- 06Экспорт
MURALAB · МҰРАТБЕК
Сайт, WhatsApp/Telegram AI бот, жарнама видео және компьютер қызметі — бір маманнан. Қазақ, орыс, қытай тілдерінде жұмыс істеймін.
Неге MuraLab
Сайт пен ботты апталап созбаймын — нақты мерзім айтып, соны орындаймын.
Жартысы алдын ала, қалғаны жұмысты өз көзіңізбен тексеріп, қабылдағаннан кейін.
Сайт, бот, видео, компьютер — бір адаммен сөйлесесіз. Қазақ, орыс, қытай тілдерінде.
MuraLab Service
Сайт пен AI боттан бастап, видео мен компьютер жөндеуге дейін — бағалары ашық.
WhatsApp немесе Telegram-ға сатушы-бот (бір арна) — сұрақ-жауап, лид жинау, тапсырыс қабылдау.
Бизнес-сайттан жеке портфолиоға дейін — мұғалімдерге бір беттік портфолио 15 000 ₸-тен, толыққанды сайт 40 000 ₸-тен.
Android/iOS қосымшасы — идеядан бастап дайын APK мен дүкенге жариялауға дейін.
Facebook, Instagram, TikTok-та мақсатты аудиторияға жарнама қоямыз — аудитория таңдаудан бюджетті басқаруға дейін.
Компания портфолиосы мен коммерциялық ұсыныс (PDF) — қазақша және орысша екі нұсқада, бренд стилінде.
Reels, жарнама роликтері, әлеуметтік желіге қысқа контент — түсіруден монтажға дейін.
Дронмен аэро түсірілім — жылжымайтын мүлік, іс-шара, табиғи ландшафт.
Ұзын метражды, баяндау желісі бар құжаттамалы жоба — түсіруден монтажға дейін толық цикл.
Көру →Сызат, дақ, түс өшуін жөндеп, ескі отбасылық фотоларды сапалы қалпына келтіреміз.
Диагностика — тегін, тазалау — 10 000 ₸, бөлшек ауыстыру — 5 000 ₸-тен. Үйге/кеңсеге барып немесе шеберханада.
Mac, Windows, Linux — жұмыс/оқу үшін қажет кез келген бағдарлама мен драйвер, жергілікті немесе қашықтан орнату.
Кездейсоқ өшірілген құжат, сурет немесе видеоны қауіпсіз қайтарамыз.
Көру →Бренд таңдауынан бастап, деректерді сақтау стратегиясына дейін.
PC таңдау, жаңарту, ақаулықты шешу бойынша тікелей, қашықтан кеңес.
MuraLab Academy
Видео, дизайн, AI және техника бойынша қазақша курстар — практикамен. Қай курсты күтетініңізді белгілеңіз: ең көп сұралғанын бірінші шығарамын.
Бастаушыларға арналған курс: бағдарламаны ашқаннан бастап дайын видеоны экспорттауға дейін.
Портфолио
Сайт, AI бот және жарнама роликтер — нақты жобалар.
Димаш Құдайбергеннің DQ иіс суына арналған жарнама ролик. Қосымша оператор және графикалық монтаж.
Instagram-да көру →Кітапты таныстыратын көркем жарнама ролик. Операторлық жұмыс пен монтаж — MuraLab, режиссер, продюсерлер және актрисамен бірге толық түсірілім тобы.
Instagram-да көру →Клиенттің сұрағына қызметтер мен бағалар бойынша өздігінен жауап береді. Дәл осындай ботты WhatsApp не Telegram-ға сіздің бизнесіңізге жасаймын.
4 тілде, телефонға бейімделген, жарық/қараңғы режимі бар, AI көмекші қосылған. Сізге де осындай сайт жасаймын.
Осындай сайт тапсырыс беру →Мен туралы
MuraLab негізін қалаушымын. 20 жылдан астам уақыт техника мен контент саласында жұмыс істеп келемін: компьютер жинап, жөндеуден бастап, камера мен дронмен түсірілім мен монтажға дейін.
Бүгінде бизнеске арналған сайттар мен WhatsApp/Telegram AI чатботтарын жасаймын. Бұл боттар клиенттеріңізге тәулік бойы жауап беріп, өтінімдерді өздігінен жинайды.
Жарнамалық роликтерде жұмыс істедім: Димаш Құдайбергеннің DQ иіс суының жарнамасында қосымша оператор және графикалық монтажшы болдым.
Қазақ және қытай тілдерінде еркін, орыс және ағылшын тілдерінде жұмысқа жеткілікті деңгейде сөйлесемін.
Менің қағидам қарапайым: нақты нәтиже, айтылған мерзім, ашық баға.
Жұмыс тәртібі
WhatsApp-қа жазасыз: не керек екенін қысқаша айтасыз.
Мақсатты, мазмұнды, мерзім мен бағаны келісеміз.
Жұмыс алдын ала төлемнен кейін басталады.
Сайтты немесе ботты дайындап, барысын көрсетіп отырамын.
Бірге тексеріп, түзетеміз. Қалған 50% төленген соң толық тапсырамын.
Әдетте 3–4 күн. Күрделі жобалардың мерзімі талқылау кезінде келісіледі.
50% алдын ала, қалған 50% жұмысты тексеріп, қабылдағаннан кейін.
Тапсыру алдында ескертулеріңізді бірге түзетеміз. Кейінгі өзгерістер келісім бойынша жасалады.
Иә. Сайт, бот және онлайн кеңес қашықтан жасалады. Компьютер жөндеу мен түсірілім — Алматыда.
TikTok · Instagram · YouTube
Байланыс
WhatsApp пен Telegram-да AI көмекші тәулік бойы бірден жауап береді. Тапсырыс пен күрделі сұрақтарды өзім жалғастырамын.